Қазақстан Республикасында мемлекеттік басқару жүйесін одан әрі жетілдіру мақсатында қаулы етемін:
1. Республикалық бюджет есебінен қамтылған мемлекеттік органдардың штат саны 1-4-қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 1999.07.15 N 171, 2005.04.21. N 1557 Жарлықтарымен.2. Мемлекеттік органдардың босатылатын қызметкерлеріне Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген әлеуметтік кепілдіктер мен өтемдер беріледі деп белгіленсін.
3. Қосымшаларда аталған мемлекеттік органдар өз актілерін осы Жарлыққа сәйкес келтірсін.
4. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын өзге де шаралар қолдансын.
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қазақстан Республикасының
Ескерту. Қосымшаға өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 2000.02.04 N 331, 2000.10.12 N 471, 2000.12.20 N 517, 2001.01.31 N 544, 2001.11.13 N 720, 2002.03.21 N 825, 2002.08.05 N 916, 2002.08.29 N 939, 2002.12.10 N 992, 2004.03.23 N 1317, 2004.05.14 N 1367, 2004.07.05 N 1400, 2004.08.02 N 1413, 2005.06.30 N 1598 (2005.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.07.13 N 1614 (2005.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2005.12.28 N 1692 (2006.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2006.07.08 N 144, 2006.08.28 N 166, 2008.02.19 N 544 (2008.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2009.01.22 N 729, 2010.09.22 N 1066, 2010.09.27 N 1072 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.04.18 N 61 (2011.04.12 бастап қолданысқа енгізіледі), 2011.10.20 N 165 (2010.11.01 бастап қолданысқа енгізіледі), 2012.02.04 № 266, 2012.04.08 N 294, 2012.06.21 № 344; 29.08.2014 N 900; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 23.12.2015 № 137 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.12.2015 № 158; 18.02.2016 № 198; 05.10.2016 № 349; 31.10.2016 № 366; 04.08.2018 № 723; 29.08.2018 № 734; 26.12.2018 № 812; 18.03.2019 № 880; 22.07.2019 № 74; 05.10.2020 № 427; 05.10.2020 № 428; 20.02.2021 № 515; 17.03.2022 № 841; 30.06.2022 № 948 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 15.07.2022 № 961 (01.07.2022 бастап қолданысқа енгізіледі); 26.11.2022 № 5; 02.01.2023 № 78 (01.01.2023 бастап қолданысқа енгізіледі); 19.01.23 № 106; 20.10.2023 № 383 (01.01.2024 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); 13.06.2024 № 570 (01.07.2024 бастап қолданысқа енгізіледі); 27.08.2024 № 632 Жарлықтарымен.
Саны
Барлығы
Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының аппараттары
405
Қазақстан Республикасы Президентінің Іс Басқармасы
121
Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының аппараты
70
Қазақстан Республикасы Жоғары Сот Кеңесінің аппараты
50
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының аппараты
228
Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы
34
Қазақстан Республикасының Сот әкімшілігі, оның ішінде: облыстардағы, астанадағы және республикалық маңызы бар қалалардағы аумақтық бөлімшелер (Сот әкімшілігінің департаменттері)
6243
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігі, соның ішінде оның аумақтық органдары
661
Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық, оның ішінде өкілдіктер
104
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет), соның ішінде оның аумақтық органдары
1868
Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі, оның ведомствосы және ведомствоның аумақтық бөлімшелері
2470
Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі, соның ішінде оның аумақтық бөлімшелері
391
Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі
1867
Қазақстан Республикасы
Ескерту. 2-қосымша жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 27.05.2024 № 560 Жарлығымен.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы, оның ішінде:
Бас прокуратура, Құқық қорғау органдарының академиясы, прокуратура органдары, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитет, Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеттің аумақтық және оларға теңестiрiлген органдары, Активтерді қайтару жөніндегі комитет
Ескерту. Жарлық 3-қосымшамен толықтырылды - ҚР Президентінің 15.07.1999 № 171 Жарлығымен; жаңа редакцияда – ҚР Президентінің 09.04.2010 № 970 Жарлығымен; өзгерістер енгізілді - ҚР Президентінің 22.09.2010 № 1066; 27.09.2010 № 1072 (01.11.2010 бастап қолданысқа енгізіледі); 04.02.2012 № 266; 16.11.2015 № 112 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі); 29.08.2018 № 734; 15.07.2022 № 961 (01.07. 2022 бастап қолданысқа енгізіледі) Жарлықтарымен.
Ескерту. Лимит алынып тасталды - ҚР Президентінің 2010.09.22 N 1066 Жарлығымен.
Облыстық және оған теңестірілген соттардың судьялары 475
Аудандық және оған теңестірілген соттардың судьялары 2179
Қазақстан Республикасы
Ескерту. 4-қосымша алып тасталды - ҚР Президентінің 29.08.2014 N 900 Жарлығымен.