Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтардың кейбір мәселелері

      Отандық тауар өндірушілерді қорғау, теріс пиғылды бәсекелестікті шектеу мақсатында және "Қазақстан Республикасындағы арнайы экономикалық аймақтар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 26 қаңтардағы N 2823 заң күші бар Жарлығының  16-бабына сәйкес қаулы етемін:
      1. Заңда белгіленген тәртіппен мыналар:
      Лисаков арнайы экономикалық аймағы;
      Қызылорда арнайы экономикалық аймағы;
      Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы таратылсын.
      2. Мыналардың күші жойылған деп танылсын:
      1) "Лисаков арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 23 тамыздағы N 3094 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 34, 316-құжат, N 6, 40-құжат, 1998 ж., N 20, 175-құжат);
      2) "Қызылорда арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 8 қазандағы N 3123 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 40, 375-құжат, 1997 ж., N 41, 382-құжат);
      3) "Жәйрем-Атасу арнайы экономикалық аймағы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 14 қарашадағы N 3219 Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., N 45, 429-құжат).
      3. Таратылатын арнайы экономикалық аймақтардың Әкімшілік кеңестерінің төрағалары:
      1) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметіне өз қызметі туралы есеп табыс ететін болсын;
      2) арнайы экономикалық аймақтың тарату процесінде екендігі туралы мәліметтерді заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркеліміне енгізу үшін әділет органдарын арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы жазбаша хабардар етсін;
      3) орталық және жергілікті ресми басылымдарда арнайы экономикалық аймақтың таратылуы туралы, оның несие берушілерінің өтініштері мен талап қою тәртібі мен мерзімі туралы жарияланымдар жасасын.
      4-5. ЕСКЕРТУ. 4-5-тармақтардың күші жойылды - ҚР Президентінің 2000.07.28. N 421 жарлығымен.
      6. Осы Жарлық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Қазақстан Республикасының
            Президенті

      Оқығандар: (Қасымбеков Б.А.)
                 (Икебаева Ә.Ж.)
 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.