Жарлық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Қаулы етемін:
      1. "Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 13 тамыздағы N 3614 U973614_ Жарлығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      Жоғарыда аталған Жарлықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты туралы ережеге:
      1) 4-тармақтың бесінші абзацы "Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі" сөздерінен кейін "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен толықтырылсын;
      2) 5-тармақтың екінші абзацындағы "оның тиісті орынбасары" сөздері "Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы" сөздерімен алмастырылсын;
      3) 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Институт Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің жалпы басшылығымен және Қазақстан Республикасы Президентінің ұлттық қауіпсіздік мәселелері жөніндегі көмекшісі - Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Хатшысының жедел басшылығымен жұмыс істейді". 2.Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Оқығандар: Қобдалиева Н. Омарбекова А.