Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері

------------Бұйрықтан үзінді------------------

      Қолданыстағы заңнамамен сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1).....
      2) "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеудің кейбір мәселелері" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2000 жылғы 26 сәуірдегі N 40 бұйрығы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1122 болып тіркелген);
      3).......

      Министр
----------------------------------------------

      "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу туралы"  Z952198_  1995 жылғы 17 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасында банктер және банкілік қызметтері туралы"  Z952444_  1995 жылғы 31 тамыздағы Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күші бар Жарлықтарын іске асыру мақсатында бұйырамын:

      1. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі комитетінің құзыретінен кейбір банкілік операцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу және таратуын тіркеу) бойынша функциясы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдарының құзыретіне берілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 1999 жылғы 15 қаңтардағы N 3 "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу сұрақтары"  V990667_  бұйрығына мынадай өзгерту енгізілсін:

      2-тармақтың бесінші абзацындағы "барлық банктер және кейбір банкілік операцияларды жүргізетін ұйымдарды" деген сөздері "банктерді" деген сөзімен ауыстырылсын.

      3. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

      

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.