"Астана қаласының 2000 жылға арналған арнайы экономикалық аймағының
бюджетiн нақтылау туралы" Астана қаласы Мәслихатының 2000 жылғы 12
шiлдедегi N 42/9-ІІ шешiмiн және "Астана қаласының емдеу-алдын алу
мекемелерiнiң экономикалық және клиникалық тиiмдiлiгiн оңтайландыру және
арттыру бағдарламасын әзiрлеу және iске қосу бойынша қызмет көрсетулер
берушiнi анықтау жөніндегi ашық конкурс өткiзу туралы" Астана қаласы
Әкiмінің 2000 жылғы 28 шiлдедегi N 3-1-305 өкiмiн назарға ала отырып
бұйырамын:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30
желтоқсандағы N 715
V991058_
"2000 жылға арналған Бiрыңғай бюджеттiк
сыныптаманы бекiту туралы" бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:
көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай
бюджеттiк сыныптамасына:
бюджет шығыстарының сынаптамасында:
"5.9.254.52 Жергiлiктi деңгейде денсаулық сақтау объектiлерiн салу
және күрделi жөндеу" деген жолдан кейiн мынадай мазмұндағы жолмен
толықтырылсын:
"5.9.254.53 Емдеу-алдын алу мекемелерiнiң экономикалық және
клиникалық тиімділігін оңтайландыру және арттыру бағдарламасын әзірлеу
және іске қосу".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi.
Министр міндетін атқарушы
Оқығандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.