Бұйырамын:
1. "2000 жылға арналған Бірыңғай бюджеттік сыныптаманы бекіту туралы"
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N
715
V991058_
бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының 2000 жылға
арналған Бірыңғай бюджеттік жіктемесінде:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесінде:
"3.1.251.34. Қоғамдық тәртіпті қорғауға қатысатын азаматтарды
көтермелеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда жазылған жолмен
толықтырылсын:
"3.1.251.35. Қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздік объектілерін салу және
күрделі жөндеу";
"13.9.105.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері
бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда
жазылған жолмен толықтырылсын:
13.9.105.30. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі
жөндеу";
"13.9.273.28. Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік
мекемелердің бекітілген тәртіп бойынша тіркелген келісімді міндеттемелері
бойынша кредиторлық берешегін өтеу" деген жолдан кейін мынадай редакцияда
жазылған жолмен толықтырылсын:
13.9.273.31. Коммуналдық меншік объектілерін салу және күрделі
жөндеу".
2. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Министр
Оқығандар:
Багарова Ж.А.
Икебаева А.Ж.