Iшкi iстер органдары басшы кадрларының резервтерiн дайындау
мақсатында
U952707_
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының
P990675_
Iшкiiсминiнiң, IIББ-ның, ІІБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын
даярлау факультетiне (N 1 факультет) iрiктеу мен қабылдау ережелерi
бекiтiлсiн.
2. IIББ-ның, IIБ-ның, көлiктегi IIБ-ның, Қазақстан Республикасы
Iшкіісминiнiң қызметтерi мен оқу орындарының бастықтары:
1) көрсетiлген бұйрықты басшылыққа алсын және орындасын;
2) Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының Iшкіісминiнiң,
IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң басшы құрамын даярлау
факультетiне (N 1 факультет) оқуға үмiткерлердi уақытында және сапалы
iрiктеудi қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде
мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Iшкi
iстер вице-Министрi генерал-майор Б.С. Сәрсековке жүктелсiн.
Қазақстан Республикасының
Iшкi iстер министрi -
Iшкi әскерлер қолбасшысы
генерал-лейтенант
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрінің
2000 жылғы 12 желтоқсандағы
N 691 бұйрығымен бекiтiлген
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ІШКІІСМИНI
АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ІШКІІСМИНIНIҢ, ІІББ-ның, ІІБ-ның,
КІІБ-ның және ҚАЖ-нiң БАСШЫ ҚҰРАМЫН ДАЯРЛАУ
ФАКУЛЬТЕТIНЕ (N 1 ФАКУЛЬТЕТ) IРIКТЕУ МЕН
ҚАБЫЛДАУ ЕРЕЖЕЛЕРI
1. Жалпы қағидалар
1. Осы Тәртiп Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының
Iшкiiсминiнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамын
даярлау факультетiне (N 1 факультет)* тыңдаушыларды iрiктеу мен
қабылдаудың тәртiбiн белгiлейдi.
2. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетi
жоғары заңгерлiк бiлiм беру базасында Iшкіісминнiң, IIББ-нiң, IIБ-нiң,
КIIБ-нiң және ҚАЖ-дың басшы құрамының резервiн күндiзгi оқу бойынша
даярлауды жүзеге асырады.
3. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1
факультетiнде күндiзгi нысан бойынша оқытудың мерзiмi - 2 жыл.
2. Қабылдау шарттары
4. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1
факультетiне жоғары заңгерлiк бiлiмi, басшылық және ұйымдастырушылық жұмыс
тәжiрибесi бар, жоғары iскерлiк қабiлетке ие және ар және Iшкіісмин,
IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның және ҚАЖ-нiң аппараттарында басшы лауазымдарда
резервте тұрған және тиiстi iрiктеу комиссиялары ұсынған аға басшы құрам
құрамдағы тұлғалардан жасақталады.
5. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1
факультетiне 40 жасқа толмаған, iшкi iстер органдарындағы практикалық
жұмыс өтiлi кемiнде бес жыл: оның iшiнде қалалық (аудандық) iшкi iстер
органдарының (жеке құрамының саны, әдетте, кемiнде 100 адам болатын)
бастықтарынан төмен емес лауазымдарда, Iшкіісмин, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ
қызметтерiнiң (басқармаларының) бастықтары мен бастықтың орынбасарлары,
дербес бөлiмдерiнiң бастықтары лауазымдарында кемiнде 2 жыл жұмыс iстейтiн
аға басшы құрамындағы адамдар қабылданады.
6. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне
оқуға түсушi үмiткерлердiң жасы мен тиiстi лауазымдардағы қызмет өтiлi
түсу жылының 1 қазанындағы жағдай бойынша есептеледi.
3. Yмiткерлердi iрiктеудiң тәртібi
7. Академияның N 1 факультетiне оқуға үмiткерлердi iрiктеу Қазақстан
Республикасы Iшкіісминiнiң жыл сайынғы бұйрығымен бекiтiлетiн Қазақстан
Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1 факультетiн жасақтау
жоспарына сәйкес жүргiзiледi.
8. Қазақстан Республикасы Iшкіісмині Академиясының N 1 факультетiне
түсушiлер iшкi iстер органдары бастығының атына мәлiмдеме жазады.
Мәлiмдемеде арнайы атағы, тегi, аты мен әкесiнiң аты, лауазымы, туған жылы
мен айы, бiлiмi көрсетiледi.
9. Iшкiiсминi қызметтерiнiң бастықтары, IIББ, IIБ, көлiктегi IIБ-ның
бастықтары мәлiмдеменi қарап, үмiткерлер қабылдау шарттарына сәйкес келген
кезде денсаулық жағдайы бойынша Академиядағы оқуға жарамдылығын анықтау
үшiн оларды медициналық куәландыруға жiбередi.
10. Академиядағы үмiткерлердi iрiктеу үшiн облыстардағы IIББ, IIБ-де,
көлiктегi IIБ-да IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының төрағалық етуiмен iрiктеу
комиссиялары құрылады.
11. Iрiктеу комиссиялары осы Ереженi, сондай-ақ Қазақстан
Республикасы IIМ Академиясының N 1 факультетiн жасақтау жоспарын
басшылыққа ала отырып, үмiткерлердiң құжаттарын мұқият тексерiп, олардың
қабылдау шарттарына сәйкестiгiн анықтап және олардың әрқайсысы бойынша
дәйектi тұжырым жасайды.
12. Iрiктеу комиссияларының жұмыс қорытындылары хаттамамен
ресiмделедi.
13. Комиссияларға бiр орынға 2-3 үмiткердi iрiктеп алуға рұқсат
етiледi.
14. Академияның N 1 факультетiне оқуға iрiктеп алынған адамдарға
IIББ, IIБ, КIIБ-ның кадр аппараттары түсу жылының 20 маусымына
дейiн ҚР Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне төмендегiдей
құжаттарды жiбередi:
- белгiленген тәртiпте рәсiмделген жеке iсi;
оқу iсi: үмiткердiң мәлiмдемесi; соңғы қызмет кезеңдегi аттестациясы;
қызметкердiң Академияны бiтiргеннен кейiн тағайындалатын лауазымы
көрсетiлген оқуға жiберу туралы iрiктеу комиссиясы шешiмiнiң көшiрмесi;
бiлiмi туралы дипломның көшiрмесi; N 1 нысандағы анықтама; әскери
дәрiгерлiк комиссияның қорытындысы; кадр аппараты растаған 4 фото сурет
(күнделiктi формадағы, көлемi 3,5х4,5 бұрышсыз).
15. IIББ-нiң, IIБ-нiң, КIIБ-нiң iрiктеу комиссиялары iрiктеп алған
адамдар Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң Академиясына, оқуға түсу
жылының 15 мамырына дейiн 1,5 интервал арқылы көлемi 20-22 м.т.п.
лауазымына сәйкес басқару қызметiнiң ерекшелiгiн айқындайтын мәселелер
бойынша реферат тапсыруы керек. Содан кейiн IIМ Академиясы Қазақстан
Республикасы IIМ-нiң Кадр және тәрбие жұмыс департаментiне рецензиялары
бар рефераттарды үмiткердiң N 1 факультетке оқуға түсу жылының 20
маусымына дейiн жiбередi.
16. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Кадр және тәрбие жұмысы
департаментi Академияның N 1 факультетiне оқуға түсуге жасақтаушы органдар
ұсынған адамдардың материалдарын қарайды, қолданыстағы заңнаманың,
ведомстволық нормативтiк актiлер, елiмiздiң iшкi және сыртқы саясаты
туралы кешендi сұрақтар кiретiн тесттiк сынақтан өткiзедi және Қазақстан
Республикасы Iшкiiсминi iрiктеу комиссиясына үмiткерлердi Академияның N 1
факультетiне тыңдаушылар құрамына қабылдау жөнiндегi ұсыныстарды
дайындайды.
17. Қазақстан Республикасы Iшкіісмин iрiктеу комиссиясы Академияның
N 1 факультетiне түсуге IIББ, IIБ, КIIБ-нан ұсынылған адамдардың
материалдарын қарап, қабылдау шарттарына сәйкес оларды оқуға қабылдау
немесе қабылдамау туралы шешiм қабылдайды.
18. Оқуға қабылдау немесе қабылдамау жөнiндегi комиссия шешiмi
хаттамамен ресiмделедi және оны IIМ-нiң басшылығымен бекiтедi.
19. Комиссия шешiмi жасақтаушы органдарға түсу жылының 1 қырқүйегiне
дейiн хабарланады.
20. Iшкіісмин Кадр және тәрбие жұмысы департаментi оқуға қабылдауға
ұсынған үмiткерлердiң материалдарын Қазақстан Республикасы Iшкіісминнiң
Академиясына түсу жылының 10 қыркүйегiне дейiн жiбередi.
Оқуға қабылданбаған үмiткерлердiң жеке iстерi мен басқа да құжаттары
жасақтау органдарына керi қайтарылады.
21. Қазақстан Республикасының Iшкіісминi Академиясының N 1
факультетiне оқуға қабылдау Қазақстан Республикасы Iшкiiсминiнiң iрiктеу
комиссиясы шешiмiнiң негiзiнде Қазақстан Республикасы Ішкіісминiнiң
Академиясы бастығының бұйрығымен жүзеге асады.
22. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминiнiң Академиясы бастығының
оқуға қабылдау туралы бұйрығының көшiрмесi оған қол қойылғаннан кейiн он
күннен кешiктiрмей үмiткерлердi оқуға жiберген жасақтаушы органға
жiберiледi.
23. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясы бастығының
үмiткердi оқуға қабылдау туралы бұйрығы оны жасақтау органынан оқу
орнына iссапарға жiберуге негiз болып табылады.
24. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының N 1
факультетiнде сабақтың басталуы - 1 қазан.
25. Iшкіісминi Академиясының N 1 факультетiне оқуға қабылданған
адамдарға ағымдағы жыл үшiн кезектi демалысы оқуға жiберiлгенге дейiн
толық пайдаланылатындай есеппен ұсынылады.
26. Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң Академиясына оқуға
қабылданған, бiрақ оқу жылы басталғаннан кейiн 10 күн iшiнде негiзсiз
себептермен сабаққа кiрiспеген адамдар тыңдаушылар қатарынан шығарылады.
27. IIББ-ның, IIБ-ның, КIIБ-ның өтiнiшiмен қызмет бабы қажеттiлiгiне
қарай, Қазақстан Республикасы Iшкiiсмин бұйрығымен 6 айдан кем емес
күндiзгi бөлiмде оқыған тыңдаушыларды қызметке қайта шақыртып алуға рұқсат
етiледi және олар оқуларын жеке кесте бойынша жалғастырады.
4. Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң тыңдаушыларын
материалдық қамтамасыз ету
28. Қазақстан Республикасының Iшкiiсминi Академиясының тыңдаушыларына
оқу уақытында оқуға жiберуге дейiн атқарған соңғы негiзгi (уақытша
атқармаған) штаттық лауазымы бойынша бiр айлық ақшалай ұстау жалақысы
төленедi.
29. Жатақхана мен тамақтандыру тыңдаушылар есебiнен, ал киiм-кешекпен
қамтамасыз ету Қазақстан Республикасының Iшкіісминi белгiлеген тәртiппен
жүргiзiледi.
Iшкіісминiнiң Академиясы N 1 факультетiнiң
бiтiрушiлерiн бөлу
30. Болашақтағы практикалық қызметiне сәйкес тыңдаушыларды
мамандандыру мақсатында Қазақстан Республикасы Iшкіісминi Кадр және тәрбие
жұмысы департаментi Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң басқа да
қызметтерiмен бiрлесе отырып, сынау мерзiмiнiң алдында, жасақтаушы
органдардың ұсыныстары мен Iшкіісминi Академиясының тыңдаушыларды олардың
дайындығына сәйкес мақсатты қолдану жөнiнде кепiлдемесi негiзiнде, N 1
факультет бiтiрушiлерiн алдын ала бөлудi жүзеге асырады. Көрсетiлген
санаттағы бiтiрушiлердi дербес бөлудi Қазақстан Республикасының Iшкіісминi
жүзеге асырады.
31. Бiтiрушiлер, әдетте IIББ, IIБ, КIIБ бастықтарының орынбасарлары,
Iшкіісминiнiң дербес бөлiмдерi, басқармалары лауазымдарына немесе
Академияның N 1 факультетiне оқуға түскенге дейiн атқарған лауазымынан бiр
саты жоғары лауазымға тағайындалуы тиiс.
Бос орындар болмағанда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы
Iшкіісминiнiң Академиясын бiтiру аттестациясының әлсiз нәтижесiнде
Академия бiтiрушiлерi басқа, бiрақ олар Академияға түскенге дейiн атқарған
лауазымдардан төмен емес лауазымдарға тағайындалуы мүмкiн.
32. Оқудың аяқталуына дейiн 4 ай мерзiм қалғанда N 1 факультет
бiтiрушiлерiн дербес бөлу хаттамасы Қазақстан Республикасы Iшкіісминiнiң
басшылығына бекiтуге ұсынылады.
Қазақстан Республикасы
Iшкi iстер министрлiгiнiң
Кадр және тәрбие жұмысы
департаментi
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині 2000 жылдың 12
желтоқсандағы N 691 "Қазақстан Республикасы Ішкіісмині
Академиясының Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ, және ҚАЖ басшы
құрамын дайындау факультетіне (N 1 факультет) іріктеу және
қабылдау ережелерін бекіту туралы" бұйрығына АНЫҚТАМА-НЕГІЗДЕМЕ
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылдың 1 маусымындағы N 675
P990675_
қаулысымен Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
Академиясы құрылды. Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының
Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N
1 факультет) іріктеу және қабылдау ережелерін бекіту Ішкіісмин
Академиясында ішкі істер органдарының басшы құрамын дайындау факультетін
құрумен байланысты.
Әзірленген Ереже Қазақстан Республикасы Ішкіісмині Академиясының
Ішкіісмин, ІІББ, ІІБ, КІІБ және ҚАЖ басшы құрамын дайындау факультетіне (N
1 факультет) іріктеу және қабылдау тәртібін белгілейді.
Ереже 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707
U952707_
, Заң күшіне ие,
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы ішкі істер
органдары туралы" Жарлығына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1996
жылғы 27 желтоқсандағы, Қазақстан Республикасы Ішкі істер органдарының
қатардағы және басшы құрам адамдарының қызмет өткеруі туралы Ережені
бекіткен қаулысына (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 16
мамырдағы N 847
P970847_
және 2000 жылғы 21 тамыздағы N 2187
Р002187_
қаулыларымен бекітілген, оған енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға)
сәйкес әзірленді.
Осы Ереже азаматтардың құқықтарын қозғайды.
Осы жазылғандарды ескере отырып және 1997 жылғы 4 наурыздағы N 3379
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының
Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік реестрі және оларды мемлекеттік
тіркеуді ретке келтіру жөніндегі шаралар туралы"
U973379_
Жарлығына сай
осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде міндетті
мемлекеттік тіркеуден өтуі қажет.
Қазақстан Республикасы Ішкіісмині
Штаб-Департаменті бастығының орынбасары,
Құқықтық қамтамасыз ету және халықаралық
байланыстар басқармасының бастығы
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.