Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуын тоқтату туралы

      Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарын сақтандыру қызметiн реттеу жөнiндегi жаңа талаптарға көшуге бейiмдеу мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейiн Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының "Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықты бекiту жөнiнде" V001162_ 2000 жылғы 21 сәуiрдегi N 150 қаулысының және Сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарының меншiктi капиталын есептеу тәртiбi туралы нұсқаулықтың қолданылуы 2001 жылғы 1 шiлдеге дейiнгi мерзiмге тоқтатылсын.
      2. Сақтандыруды қадағалау департаментi (Құрманов Ж.Б.):
      1) Заң департаментiмен (Шәріпов С.Б.) бiрлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзу шараларын қабылдасын; 2) Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткiзiлген күннен бастап он күндiк мерзiмде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкiнiң орталық аппаратының мүдделi бөлiмшелерiне, аумақтық филиалдары мен сақтандыру және қайта сақтандыру ұйымдарына жiберсiн. 3. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Төрағасы Г.А. Марченкоға жүктелсін. Ұлттық Банк Төрағасы Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.