Қазақстан Республикасының 1992 жылғы 2 шілдедегі "Тарихи-мәдени
мұраны қорғау және пайдалану туралы"
Z922900_
, 1993 жылғы 22 қазандағы
"Қазақстан Республикасындағы Сәулет және қала құрылысы туралы"
Z933200_
,
2000 жылғы 22 желтоқсандағы "2001 жылға арналған республикалық бюджет
туралы"
Z000131_
, 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасының
жергілікті мемлекеттік басқаруы туралы"
Z010148_
заңдарына және 2000 жылғы
29 желтоқсандағы N 1950
P001950_
"2001 жылға арналған республикалық бюджет
туралы" Қазақстан Республикасының Заңын жүзеге асыру туралы" қаулысына
сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30
желтоқсандағы N 715
V991058_
"Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы"
бұйрығына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай
бюджеттік жіктемесіне:
бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
16 бағдарлама мынадай редакцияда жазылсын:
"16 Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды және өзге
де күтпеген шығыстарды жою үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі
резервінің қаражаты есебінен іс-шаралар өткізу";
"8.1.263.47 Тарихи-мемориалдық кешеннің аумағын көркейту" деген жол
мынадай редакцияда жазылсын:
"8.1.263.47 Жергілікті маңызды тарих және мәдениет ескерткіштерін
жөндеу-қайта жаңарту жұмыстарын жүргізу және аумағын көркейту";
"11.2.273.48 Жергілікті деңгейдегі жобалау-іздестіру, конструкторлық
және технологиялық жұмыстар" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы
жолмен толықтырылсын:
"11.2.273.49 Елді мекендерде құрылыс салудың бас жоспарларын әзірлеу";
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру
объектілерін салу, жергілікті деңгейде жолдар мен көпірлерді салу және
қайта құру" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
"13.9.275.30.30 Білім, мәдениет, спорт және демалыс объектілерін салу
және қайта құру
13.9.275.30.31 Тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылым және көріктендіру
объектілерін салу, қайта құру және күрделі жөндеу, жергілікті деңгейде
жолдар мен көпірлерді салу және қайта құру".
2.
<*>
Ескерту: 2-тармақ алынып тасталынды - ҚР Қаржы министрінің
2001 жылғы 18 мамырдағы N 259 бұйрығымен.
V011523_
3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Е. Бахмутова)
департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
4. Осы бұйрық 2001 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енетін 2
тармақтан басқасы, қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Қаржы министрі
Мамандар:
Омарбекова А.Т.
Икебаева Ә.Ж.