Жіктеу
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бірыңғай бюджеттік жіктемеге N 47 өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 13 шілдедегі N 966 P990966_ "Мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастырудың тиімділігін арттыру жөніндегі шаралар туралы" және 2000 жылғы 28 желтоқсандағы N 1908-129с қаулыларына сәйкес бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бірыңғай бюджеттік жіктемені бекіту туралы" бұйрығына келесі өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік жіктемесіне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жіктемесіне:
      "272 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, кіші және орта бизнесті қолдау атқарушы органы" деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      "272 Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын экономика, кіші және орта бизнесті қолдау, мемлекеттік сатып алу атқарушы органы";
      "3.1.251.2.3 Жергілікті органдардың аппараттары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын:
      "3.1.251.2.30 Қылмыстық-атқару инспекциясының аумақтық органдарының аппараты және және бөлімшелері";
      "13.9.272.2.31 Шағын және орта бизнесті қолдау органдарының аппараттары" деген жолдан кейін мынадай редакциядағы жолмен толықтырылсын: "19.9.272.2.32 Мемлекеттік сатып алу органдарының аппараттары". 2. Қаржыландыру "3.1.251.30.34 Қылмыстық-атқару инспекциясы" кіші бағдарламасы бойынша жүзеге асырылмасын. 3. Заң қызметі (Қ. Әбдіқалықов) және Бюджет (Б. Сұлтанов) департаменттері осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін. 4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап күшіне енеді. Министр Мамандар: Икебаева Ә.Ж. Жұманазарова А.Б.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.