Жіктеу
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Бiрыңғай бюджеттiк жiктемеге N 52 өзгерiс енгiзу туралы

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару туралы" Z010148_ Заңына сәйкес

                                БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлiгiнiң 1999 жылғы 30 желтоқсандағы N 715 V991058_ "Бiрыңғай бюджеттiк жiктеменi бекiту туралы" бұйрығына мынадай өзгерiс енгiзілсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының Бiрыңғай бюджеттiк жiктемесiне:
      бюджет шығыстарының функционалдық жiктемесiне:
      12 "Көлiк және байланыс" функционалдық тобында 1 "Автомобиль көлiгi" кiшi функциясында 274 "Жергiлiктi бюджеттен қаржыландырылатын тұрғын үй-коммуналдық, жол шаруашылығының және көлiктiң атқарушы органы" мемлекеттiк мекеме-бағдарлама әкiмшiсi бойынша 46 бағдарламасы мынадай мазмұнда жазылсын: "Ауданаралық (қалааралық), аудан мен елдi мекендер iшiнде қоғамдық жолаушылар тасымалдауды ұйымдастыру". 2. Заң қызметi департаментi (Қ. Әбдiқалықов) және Бюджет департаментi (Б. Сұлтанов) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.