Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi Төрағасының 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентiнiң "Отандық және шетелдiк тiкелей инвестицияларды тарту үшiн Қазақстан Республикасы экономикасының басым секторларының тiзбесiн бекiту туралы" 1997 жылғы 5 сәуiрдегi N 3444 Жарлығының  1-тармағына және Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 6 наурыздағы N 349 Жарлығымен  бекiтiлген экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасасу кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру тәртiбiнiң 2-тармағына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасының Инвестициялар жөнiндегi агенттiгi төрағасының "Экономиканың басым секторларында инвестициялық қызметiн жүзеге асыратын инвесторлармен контракттар жасау кезiнде жеңілдiктер мен преференциялар беру рәсiмiн жетiлдiру туралы" 2000 жылғы 14 сәуiрдегi N 01/7 бұйрығына  мынадай толықтыру енгізiлсiн:
      "Тiкелей отандық және шетелдiк инвестицияларды тарту үшiн 2002 жылға дейiнгi кезеңге арналған неғұрлым маңызды өндiрiстердің тiзiмi" 3-қосымшада:
      2 "Өңдеушi өнеркәсiп" тарауы мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын: "өте жаңа жоғары тиiмдi экологиялық таза технологиялар қолданылатын ферромарганецтi қорытпалар өндiрiсi".
      2. Осы бұйрық ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.