Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын, анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө Бұйрығына өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы (2002 ж. 28 ақпанда N 1782 тiркелген)

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2009.07.28 N 237-ө бұйрығымен.

      "Мемлекеттiк атаулы әлеуметтiк көмек туралы" Z010246_ Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру үшiн халықтың табысын анықтау мәселелерiндегi тәсiлдердi жетiлдiру мақсатында
                               БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау Министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө V021782_ бұйрығына мынадай өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлсiн:
      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын анықтаудың Ережесiне:
      5-тармақта "1-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң алдынан "үлгілiк"деген сөзбен толықтырылсын;
      6-тармақта:
      "2-7 қосымшалар" деген сөздердегi "қосымшалар" деген сөздiң алдынан "үлгiлiк" деген сөзбен толықтырылсын;
      "құны" деген сөзден кейiн "аймақтардың ерекшелiктерi және тиiстi жергiлiктi атқару органы мәлiметтерiнiң негiзiнде орташа көрсеткiштерге енгiзiлетiн түзетулер ескерiле отырып" деген сөздермен толықтырылсын;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "Табысты есептеу үшiн облыстық (Астана және Алматы қалаларының) еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтiк қорғау жөнiндегi уәкiлеттi органдарына статистика жөнiндегi облыстық органдар ұсынатын 2-7 үлгiлiк қосымшаларында көрсетiлген өнiмдерге облыстарда өткен жылы қалыптасқан орташа жылдық бағалар пайдаланылады.
      Ұсынылған бағалар аймақтардың ерекшелiктерi ескерiле отырып түзетiлуi және атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы аудандық (қалалық) уәкiлеттi органдарға жiберiлуi мүмкiн.".
      9-тармақта "8-қосымша" деген сөздердегi "қосымша" деген сөздiң алдынан "үлгiлiк"деген сөзбен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 9-1-тармақпен толықтырылсын: "Учаскелiк комиссиялардың қорытындысына сәйкес адамның (отбасының) материалдық жағдайын төмендеткен мәлiметтердi өтiнiш берушi әдейi ұсынған жағдайда, атаулы әлеуметтiк көмектi тағайындауды жүзеге асырушы уәкiлеттi органдар отбасының жан басына шаққандағы орташа табысының мөлшерiн қайта қарауы мүмкiн.". 2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi. Министр Келісілді: Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі Төрағасының орынбасары 2002 жыл 11 сәуір Мамандар: Омарбекова А.Т. Икебаева Ә.Ж.
 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.