Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177 бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН: 
      1. "Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағиданы бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 1999 жылғы 3 мамырдағы N 177  бұйрығына  мынадай толықтырулар енгізілсін: 
      20-тармақ көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан, демеушілік және қайырымдылық көмек көрсетуден алынатын қаражаттарды, мемлекеттік мекемелердің депозиттік сомалары мен сақтандыру өтеулерін қалыптастыру, пайдалану және есепке алу тәртібі туралы қағида мынадай мазмұндағы екінші және үшінші абзацтармен толықтырылсын: 
      "Түзеу мекемелеріне қаражаттарды депозиттік шоттан ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аударуға рұқсат етіледі. 
      Депозиттік шоттан қаражаттарды ақылы қызмет көрсетуді іске асырудан алынатын қаражаттардың ағымдағы шотына аудару үшін түзеу
мекемелері сотталғандардың өтініштерінің негізінде ақшаны депозиттік шоттан аударуға төлем ведомостерін толтырады және оларды
қазынашылықтың аумақтық органдарына береді.";
     2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 
мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Премьер-Министрдің орынбасары -
             Қаржы министрі

 

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.