Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы

      Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыратын көлiк құралдары экипаждарының жұмысына қатысты Еуропалық келiсiмге (EKK) 1-Қосымша-толықтырудың VI тарауы 3-тармағының b) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрiнiң 2000 жылғы 3 қарашадағы N 437-1 бұйрығына  мынадай өзгерiс енгiзiлсiн:
      аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасында халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыру кезiнде тахографтарды қолдану ережесiнде:
      30-тармақтағы "алты жылдың iшiнде кемiнде бiр рет" деген сөздер "жылына бiр рет" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Көлiктiк бақылау комитетi (М.Т.Бейсембаев) осы бұйрықты мемлекеттiк тiркеу үшiн заңнамада белгiленген тәртiппен Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiне ұсынсын.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар бiрiншi вице-Министрi Қ.Қ.Жақыповқа жүктелсiн.
      4. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.