Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 8 қазанда N 1652 тiркелген, 2001 жылғы 8 қазандағы N 113 бұйрығына өзгерiстер енгiзу туралы

------------Бұйрықтан үзінді------------------

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      .....
      .....
      "Қазақстан  Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 8 қазандағы N№113  "Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2003 жылғы 1 қарашадағы N 234 бұйрығы, 1652 нөмірімен тіркелген (N 2557 нөмірімен Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық арқарушы және өзге де мемлекеттік органдары нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланды 2003 жылы, N 43-48, 898-құжат);
      ........

      Министр
-----------------------------------------------

      Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 25 қыркүйектегi N 1235  қаулысымен  бекiтiлген Адвокаттық не нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үмiткер адамдардың аттестациядан өту ережесiнiң 2-тармағына сәйкес, Бұйырамын:
      1. "Әдiлет аттестациялық комиссиясы туралы" Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 2001 жылғы 8 қазандағы N 113  бұйрығына  ( N 1652 нөмiрiмен тiркелген, 2001 жылы N 40-41 "Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және мемлекеттік органдарының құқықтық-нормативтiк актiлер бюллетенiнде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң 28.03.2002 ж.  N 42 , 15.08.2002 ж.  N 114  бұйрықтарымен өзгерiстер енгiзiлген) мынадай өзгерiстер енгiзiлсiн:
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы қосымшаға сәйкес, жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Әдiлет аттестациялық комиссиясы жұмысының регламентiне:
      5-тармақта "5" деген саны "7" деген санмен ауыстырылсын;
      19-тармақта "3" деген саны "5" деген санмен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрық мемлекеттiк тiркелген күннен бастан күшiне енеді.

      Министр

Қазақстан Республикасы  
Әдiлет министрiнiң    
2003 жылғы 1 қарашадағы 
N 234 бұйрығына қосымша 

"Әдiлет аттестациялық   
комиссиясы туралы"    
Қазақстан Республикасы  
Әдiлет министрiнiң    
2001 жылғы 8 қазандағы  
N 113 бұйрығымен     
бекiтiлген        

Әдiлет аттестациялық комиссиясының құрамы

      Меркель                        Әдiлет Бiрiншi вице-Министрi,
      Иоган Давидович                комиссия төрағасы

      Қуанышбаева                    Қазақстан Республикасы
      Роза Сақтағанқызы              Адвокаттap Одағының президентi
                                     (келiсiм бойынша)

      Каршегенов                     Алматы қалалық адвокаттар
      Кенжеғали Қадырұлы             алқасының төрағасы
                                     (келісім бойынша)

      Жанабилова                     Республикалық нотариаттық
      Әсел Болатқазықызы             палатаның төрайымы
                                     (келiсім бойынша)

      Тоқтарова                      Қарағанды облыстық
      Жанар Төкенқызы                нотариаттық палатаның төрайымы
                                     (келiсім бойынша)

      Нұрмағамбетов                  Қазақстан заңгерлер
      Аманжол Мағзұмұлы              Ассоциациясының өкiлi
                                     (келiсiм бойынша)

      Дүсіпов                        Кадр жұмысы, iшкi қауiпсiздiк
      Қайрат Көкенұлы                және әдiлет аттестациялық
                                     комиссиясы басқармасының
                                     бастығы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.