Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Автокөлік құралдарын кедендік ресімдеудің кейбір мәселелері туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474 Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден кодексінің  373-бабына сәйкес бұйырамын: Қараңыз.K100296
      1. Қазақстан Республикасының кедендік аумағына Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің қызмет аймағында автомобиль өткізу пункттері арқылы тауар ретінде әкелінетін автокөлік құралдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес негізгі кедендік ресімдеуді жүргізу үшін Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаменті "Көкшетау-кедендік ресімдеу орталығы" кеден бекетіне жеткізілуге жататындығы белгіленсін.
      2. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің Құқықтық қамтамасыз ету басқармасы (И.Ы.Аңсарова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
      3. Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.
      4. Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі Ақмола облысы бойынша Кедендік бақылау департаментінің бастығы (С.Д.Дүйсебаев) осы бұйрықтың орындалуын қамтамасыз етсін.
      5. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Кедендік бақылау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары А.Қ.Ержановқа жүктелсін.
      6. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

       Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.