Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 2674 тіркелген Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 19 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2011.12.12 № 890 (қол қойған күнінен бастап күшіне енеді) бұйрығымен.

      "Халықтың санитарлық-эпидемиологиялық салауаттылығы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңын іске асыру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2004 жылғы 20 қаңтарда N 2674 тіркелген "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрі м.а. 2004 жылғы 13 қаңтардағы N 19  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген "Медициналық ұйымдардың қалдықтарын жинауға, пайдалануға, зарарсыздандыруға, тасымалдауға, сақтауға және көмуге қойылатын санитарлық-эпидемиологиялық талаптар" санитарлық-эпидемиологиялық ережелері және нормаларында:

      34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "34. Б класындағы қалдықтар жинақталған жерінде бір тәуліктей ғана, ал арнайы алаңшалардағы контейнерлерде немесе қалдықтар бар ыдыстарды уақытша сақтауға арналған үй-жайларда үш тәуліктей сақталуға тиіс. Б класындағы биологиялық қалдықтар және тамақ қалдықтары плюс 5 о С-тан аспайтын температурада сақталуы тиіс. Қалдықтарды аумақтан әкету контейнердің үштен екі бөлігі толған кезде, алайда кемінде үш күнде бір рет жүзеге асырылуға тиіс".

      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Денсаулық сақтау бірінші вице-министрі, Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық дәрігері А.А.Белоногқа жүктелсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.