Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Азаматтарға теңіз лоцмандары ретіндегі жұмысқа рұқсат ету үшін қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы

      "Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 45-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қоса беріліп отырған Азаматтарға теңіз лоцмандары ретіндегі жұмысқа рұқсат ету үшін қойылатын біліктілік талаптары бекітілсін.
      2. Су көлігі департаменті (Б.Қ.Уандықов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар вице-министрі Т.Б.Әбілғазинге жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

"Азаматтарға теңіз лоцмандары
ретіндегі жұмысқа рұқсат ету
үшін қойылатын біліктілік 
талаптарын бекіту туралы" 
Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникациялар 
министрінің        
2004 жылғы 09 наурыздағы 
N 111-І бұйрығымен   
бекітілген       

Азаматтарға теңіз лоцмандары ретіндегі
жұмысқа рұқсат ету үшін қойылатын біліктілік талаптары

      Азаматтарға теңіз лоцмандары ретіндегі жұмысқа рұқсат ету үшін біліктілік талаптары:
      Қазақстан Республикасының азаматтығы;
      кеме жүргізуші мамандығы бойынша жоғары немесе орта арнайы теңіз білімі;
      капитанның аға көмекшісінің дипломынан төмен емес дипломы;
      жалпы сыйымдылығы 500 және одан артық регистрлі тонна кемелерінде капитан немесе капитанның аға көмекшісі лауазымы бойынша кемінде бес жыл жұмыс өтілі;
      теңіз кемелеріндегі жұмысқа жарамдылығы туралы тиісті медициналық комиссиясының қорытындысы;
      лоцмандық куәлігі бар болуын қамтиды.

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.