Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

N 2614 тіркелген, "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259 бұйрығына толықтыру және өзгерістер енгізу туралы

      Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу тәртібін жетілдіру мақсатында бұйырамын:
      1. "Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2003 жылғы 9 желтоқсандағы N 259  бұйрығына  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеудің тізілімінде N 2614 тіркелген) мынадай толықтыру мен өзгерістер енгізсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жекеше нотариустың бос орнына орналасу үшін конкурс өткізу жөніндегі нұсқаулықта:
      3-тармақ "байланысты" деген сөзден кейін "сондай-ақ жекеше нотариустың қосымша бірлігін бекіткен жағдайда" деген сөздермен толықтырылсын;
      17-тармақтағы "бір ай" деген сөздер "он күн" деген сөздермен ауыстырылсын;
      20-тармақтағы "45" деген сан "отыз" деген сөзбен ауыстырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әділет вице-Министрі
С.Н.Баймағанбетовке жүктелсін.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

      Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.