Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушілері туралы ережені бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы" тіркеу N 2468 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2012.01.31 № 36 (ресми жарияланған күнiнен кейiн он күнтізбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледі) Бұйрығымен.

      Қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтiру мақсатында бұйырамын:
      1. Қазақстан Республикасы Әдiлет Министрiнiң 2003 жылғы 20 тамыздағы  N 169 "Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ереженi бекiту және кейбiр нормативтiк құқықтық актiлердiң күшi жойылды деп тану туралы" (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде Тiркеу N 2468 тiркелген және 2003 жылғы 12 қыркүйектегi N 49 "Юридическая газета" газетiнде жарияланған) бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн.
      Көрсетiлген бұйрықпен бекiтiлген Нотариустардың сынақтан өтушiлерi туралы ережеде:
      8-тармақтың жетiншi абзацында "он еседен астам" деген сөздерден кейiн "айлық" деген сөзбен толықтырылсын.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Әдiлет вице-министрi С.Н. Баймағанбетовке жүктелсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгінде мемлекеттiк тiркелген күнiнен бастап күшiне енедi.

      Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.