Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациялаудан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрiндегi N 528 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

     Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.09.30 № 442 (2011.01.01 бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Азаматтық авиация ұйымдарында радиотехникалық жабдық пен байланыс құралдарын пайдалану және ұшуды электротехникалық қамтамасыз ететiн авиациялық мамандарды аттестациялауды өткiзудi ұйымдастыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгiнiң Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2002 жылғы 24 сәуiрдегi N 528 бұйрығымен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестацияға тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар)  тiзiмдемесiне енгiзiлсiн (нормативтi-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеудiң тiзiлiмiнде 1858 нөмірмен тiркелген) келесi қосымшалар енгiзiлсiн:
      Бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименталдық авиацияда аттестациядан өтуге тиiстi авиациялық персоналдың қызметтер (мамандықтар) тiзiмдемесi келесi тармақтармен толықтырылсын:
      "10. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi инженерлерге";
      "11. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi инженерлерге";
      "12. Радиолокация, радионавигация, байланыс жөнiндегi техниктерге";
      "13. Ұшуды электротехникалық қамтамасыз ету жөнiндегi техниктерге".
      2. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тіркеуден өткен күнiнен бастап күшiне енедi.

       Төраға