Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

     Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.09.21 № 474  Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Кеден  кодексінің 473-бабына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

     1. "Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен тәртібін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Кедендік бақылау агенттігінің 2003 жылғы 6 мамырдағы N 184  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізіліміне N 2340 тіркелген, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1010-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

     Аталған бұйрықпен бекітілген Кедендік бақылаудың техникалық құралдарының тізілімі мен тәртібінде:
     5-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен:
     "энергия ресурстарын есептеу құралдары";

     6-тармақтың 4) тармақшасы мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
     "уақыттың бірлік өлшемінде өтетін тауарлардың көлемін қашықтықтан өлшеу үшін кеден органдарымен деректерді алмасу желілерімен байланысты ақпараттық жүйеге өлшемдер нәтижелері жазылатын энергия ресурстарын есептеу құралдары қолданылады".

     2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің Энергия ресурстарына кедендік бақылауды ұйымдастыру басқармасы (Н.Г.Досмұратова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелуін қамтамасыз етсін.

     3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитетінің баспасөз қызметі осы бұйрықтың бұқаралық ақпарат құралдарында жариялануын қамтамасыз етсін.

     4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Кедендік бақылау комитеті төрағасының орынбасары Б.Т.Әбдішевке жүктелсін.

     5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Қаржы вице-министрі
          Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.