Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарына өзгеріс енгізу және күші жойылды деп тану туралы

     "Нормативтік құқықтық актілер туралы" Қазақстан Республикасы  Заңының 40-бабына сәйкес,  БҰЙЫРАМЫН:
     1. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 25 мамырдағы N 148 "Жекеше нотариустардың аттестаттаудан өту туралы Ережесін бекіту және кейбір нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп тану туралы"  бұйрығының (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде
N 2881 болып тіркелген, 16.06.2004 ж. N 47 (603) "Юридическая газета" газетінде жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 бұйрығымен өзгеріс енгізілген) күші жойылды деп танылсын.
     2. Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2004 жылғы 4 қарашадағы N 325 "Кейбір бұйрықтарға өзгеріс енгізу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің кейбір бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы" бұйрығына (Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 3191 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
     көрсетілген  бұйрықтың 1-тармағының 6) тармақшасы алынып тасталсын.
     3. Осы бұйрық оны ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

     Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.