Қаулы
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 199 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

       Ескерту: Қаулының күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20   қаулысымен .
_____________________________

      Кредиттік серіктестіктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Кредиттік серіктестіктерге арналған пруденциалдық нормативтерді, сондай-ақ олардың орындалуы жөніндегі есептердің нысандарын және ұсыну мерзімін  белгілеу туралы" 2004 жылғы 12 шілдедегі N 199  қаулысына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу Тізілімінде N 2994 тіркелген, 2004 жылы N 9(9)/200) "Қаржы хабаршысы" журналында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      10-тармақта:
      үшінші абзацта "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының "А" санатының" деген сөздер "листингтің ең жоғары санаты бойынша және сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санаттан кейінгі санатының" деген сөздермен ауыстырылсын;
      төртінші абзацта "Қазақстан қор биржасы" акционерлік қоғамының "А" санатының" деген сөздер "сауда-саттықты ұйымдастырушы листингінің ең жоғары санатының" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      3. Сақтандыру рыногының субъектілерін және басқа қаржылық ұйымдарды қадағалау департаменті (Каримуллин А.А.):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, кредиттік серіктестіктерге және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі (Пернебаев Т.Ш.) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Қ.М.Досмұқаметовке жүктелсін.

      Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.