Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына толықтырулар енгізу туралы

      Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.02.26 № 93 (ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасының темір жол көлігінде жолаушылар поездары қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Жолаушылар жылжымалы құрамының қызмет мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2292 нөмірмен тіркелген және "Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде", 2003 ж., N 25-26, 960-құжат, "Жолаушылар жылжымалы құрамы қызметінің мерзімін ұзартуды реттейтін актілерді бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы N 353-І  бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен жарияланған) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрінің 2003 жылғы 18 сәуірдегі N 136-І  бұйрығына мынадай толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген үлгідегі вагондардың қызмет мерзімін ұзарту ережесінде:

      7-тармақ "(бұдан әрі - БТИБ)" деген сөздерден кейін "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаға" деген сөздермен толықтырылсын;
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолаушылар жылжымалы құрамы мен оларға теңестірілген үлгідегі вагондардың қызмет мерзімін ұзарту жөніндегі жұмыстарды жүргізу туралы Акт N___ нысаны:

      "Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор", "Қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі ревизор" деген сөздерден кейін тиісінше "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы (шебері, бригадирі)", "немесе ЖҚКЖ орындауға құқығы бар заңды тұлғаның вагон жөндеу цехының басшысы (шебері, бригадирі)" деген сөздермен толықтырылсын;

      "Жолаушылар вагондары шаруашылығы жөніндегі аймақтық филиалдың директоры" деген сөздерден кейін "немесе теңгерімінде жылжымалы құрам тұрған ұйымның басшысы" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Қатынас жолдары комитеті (Н.Т.Байдәулетов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеу үшін ұсынуды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.