Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі жөніндегі ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 11 қазандағы N 1459  Жарлығымен  бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған Мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2003 жылғы 8 тамыздағы N 542  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2477 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2003 ж., N 31-36, 870-құжат болып жарияланған), Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 19 сәуірдегі N 252  бұйрығымен  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3633 тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде 2005 ж., N 16, 169-170-құжат болып жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттарды Қазақстан Республикасында тану және нострификациялау (баламасын белгілеу) тәртібі туралы ережеде:

      6-тармақта "Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы" деген сөздер "Ұлттық аккредиттеу орталығы" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Білім және ғылым саласындағы қадағалау және аттестаттау комитеті (Б.Әбдірәсілов) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын.

      3. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күннен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.