Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің "Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды асырауға тілек білдірген шетелдік азаматтарды есепке алу жөніндегі ережені бекіту туралы" 1999 жылғы 17 маусымдағы N 655 және "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 бұйрықтарына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы"

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 03.04.2015 № 11-1-2/130 (алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

       БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің кейбір бұйрықтарына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) Күші жойылдды - ҚР Сыртқы істер министрінің 2012.02.24 № 08-1-1-1/60 (ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
      2) "Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы - Сыртқы істер министрінің 2003 жылғы 11 сәуірдегі N 08-1/31 (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2264 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған 2003 ж., N 25-26, 866-құжат)  бұйрығында :

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шетелдіктердің асырап алуына берілген Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын ұл (қыз) балаларды есепке алу туралы нұсқаулықта:

      15-тармақта:
      "жарты жылда бір рет" деген сөздер алынып тасталсын;
      "барып тұруға міндетті" деген сөздер "барып тұрады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      МИНИСТР

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық қауіпсіздік комитеті
      Шекара қызметінің директоры

      2005 жылғы 21 желтоқсан

      "Келісілді"

       Қазақстан Республикасының
      Ішкі істер министрі

      2005 жылғы 11 желтоқсан

      "Келісілді"

      Қазақстан Республикасының
      Білім және ғылым министрі

      2005 жылғы 1 желтоқсан

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.