Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасының аумағында киік алуға тыйым салу туралы" 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 206 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      Күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2010.11.10 № 704 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Киіктер мүйізін жинау мен дайындау фактілерінің алдын алу мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

         1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті төрағасының міндетін атқарушының "Қазақстан Республикасының аумағында киіктер алуға тыйым салу туралы" 2005 жылғы 22 қыркүйектегі N 206  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3880 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 20 қазанда Юридическая газетаның N 194 санында жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      1 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "1. Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында киіктерді, ғылыми мақсаттарда пайдалануды қоспағанда, 2011 жылға дейін оларды алуға, сондай-ақ олардың мүйіздері мен өнімін жинауға, дайындауға, сатып алуға немесе өткізуге тыйым салынсын.";

      4 тармақта "Н.А.Хадыркеевке" деген сөз "Қ.Ш.Мұсабаевқа" деген сөзбен ауыстырылсын.

      2. Осы бұйрық ресми түрде жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Төраға