Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.04.01  N 161  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Аспирантураға қабылдаудың тәртібін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2004 жылғы 23 шілдедегі N 645  бұйрығына  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде N 3005 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 12 тамызда N 147-148 жарияланған, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеудің тізбесінде 2005 жылы 31 мамырда N 3656 тіркелген, "Юридическая газета" газетінде 2005 жылы 23 қарашада N 217 жарияланған 2005 жылғы 13 мамырдағы N 299 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің  бұйрығына  сәйкес енгізілген өзгерістерімен қоса) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Аспирантура мен докторантураға қабылдаудың типтік ережесінде:
      16, 17-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      "16. Жоғары оқу орындары және ғылыми ұйымдардың аспирантурасы мен докторантурасына түсушілерден өтініштерді қабылдау 1-20 шілде аралығында жүргізіледі.

      17. Аспирантура мен докторантураға түсу емтихандары 5-20 тамыз аралығында өткізіледі, оқуға қабылдау - 31 тамызға дейін.".

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (М.Нұрғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.

       Министр

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.