Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 бұйрығына толықтыру енгізу туралы"

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 26.12.2016 № 11-1-2/619 ( алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН :

      1. "Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің 2005 жылғы 28 қарашадағы N 08-1/361 (2006 жылғы 11 ақпандағы N 7 "Ресми газеті" газетінде жарияланған нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4037 болып тіркелген) бұйрығына мынадай толықтыру енгізілсін:

      осы бұйрықпен бекітілген Республикалық бюджетте "Шет мемлекеттерге заңсыз әкелінген және адам саудасының құрбандары болған, сондай-ақ шетелде басқа да қылмыстардан зардап шеккен және форс-мажорлы жағдайға ұшыраған Қазақстан Республикасы азаматтарына қаржылай көмек көрсету" бағдарламасы бойынша көзделген қаражатты пайдалану ережесінде:

      3-тармақ мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын:

      "5) багажға жұмсалатын шығыстар, денені мәйітханада сақтағаны үшін шығыстарға ақы төлей отырып "200" (Қазақстан Республикасына қайтыс болғандардың табыттарын және сауыттарын күлімен жөнелту) жүгін ресімдеу немесе келген мемлекетте жерлеу.".

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

МИНИСТР



      "КЕЛІСІЛДІ"

      Қазақстан Республикасының

      Экономика және бюджеттік

      жоспарлау Вице-министрі

      2006 жылғы 5 маусым

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.