Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы 24 мамырдағы N 454 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

       Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2008.06.05  N 325  (қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

      Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыруды жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1.»"Білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы"» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2004 жылғы  24 мамырдағы N 454  бұйрығына  (нормативтік құқықтық актілерін  мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2883 болып тіркелген, 2005 жылғы 12 тамыздағы N 83-84»"Заң газетінде" жарияланған, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2006 жылғы 31 қаңтардағы N 44  бұйрығына  сәйкес енгізілген өзгертулермен қоса, нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4080 болып тіркелген, 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77»"Заң газетінде" жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген, білім беру ұйымдары үшін оқу әдебиеттерін дайындауды және басып шығаруды ұйымдастыру жөніндегі нұсқаулықта:
      2-тармақтың екінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын: 
      "оқулық - оқу пәні, оның бөлімдері, бөліктері жүйелі түрде мазмұндалатын үлгілік оқу бағдарламасына сәйкес келетін және осы басылымның түрі ретінде ресми бекітілген оқытуға арналған кітап";

      мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын:
      "2-1. Қазақстан Республикасының білім саласындағы орталық атқарушы орган (бұдан әрі - орталық атқарушы орган) оқу әдебиеттерін дайындау және басып шығару жөніндегі жұмысты ұйымдастырады.";

      3-тармақтағы»"Қазақстан Республикасының білім аясындағы (бұдан әрі - орталық атқарушы орган)" сөздер алынып тасталсын; 

      7-тармақ алынып тасталсын;

      10-тармақ  алынып тасталсын;

      11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "11. Орталық атқарушы орган сараптама нәтижелері бойынша оқу әдебиетіне»"Жіберілген»(ұсынылған)" деген гриф береді және барлық деңгейдегі білім беру ұйымдарындағы білім беру процесінде пайдалануға жіберілген оқу әдебиеттерінің тізбесін бекітеді.";

      13-тармақта»"алқа шешімі" деген сөздер»"сараптаманың қорытындысы" деген сөздермен ауыстырылсын;

      14-тармақта»"Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясы, орталық атқарушы орган анықтаған ұйымдар жүзеге асырады" деген сөздер»"Оқулық»республикалық ғылыми-практикалық орталығы жүзеге асырады" деген сөздермен ауыстырылсын.

      2. Мектепке дейінгі және орта білім департаменті (С.Б.Есбосынова):
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге ұсынсын;
      2) осы бұйрықты мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап, қолданысқа енгізіледі.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр А.Қ.Әбдімомыновқа жүктелсін.

       Министр  

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.