Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация үйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары және мамандары лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына толықтырулар енгiзу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің 2011.05.05 № 253 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары мен мамандары лауазымдарын нақтылау мақсатында БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары және мамандары лауазымдарының тiзбесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникациялар министрлiгi Азаматтық авиация комитетi төрағасының 2004 жылғы 22 маусымдағы N 113 бұйрығына (Нормативтiк-құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2948 нөмiрмен тiркелген) мынадай толықтырулар енгiзiлсiн:

      аталған бұйрықпен бекiтiлген Қазақстан Республикасы Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық қауiпсiздiк қызметiнiң басшылары мен мамандары лауазымдарының тiзбесiнде:
      4-тармақта:
      6) тармақшадағы "." тыныс белгiсi ";" тыныс белгiсiмен ауыстырылсын;

      мынадай мазмұндағы 7), 8) тармақшалармен толықтырылсын:
      "7) инспектор (кiшi инспектор) - жүргiзушi;
      8) бақылау және бейне бақылау пунктының инспекторы (кiшi инспекторы).";

      мынадай мазмұндағы 5-тармақпен толықтырылсын:
      "5. Әуежайдың АҚҚ рұқсат беру бюросы:
      1) рұқсат беру бюросының бастығы;
      2) рұқсатнама бюросының аға инспекторы (инспекторы).".

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнiнен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Төраға