Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 124 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010.04.29 N 311 бұйрығымен.

      Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың штат нормативтерін жетілдіру мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың қызметі туралы" (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4131 тіркелген және 2006 жылғы 28 сәуірдегі N 76-77 (883) "Заң газеті" газетінде жарияланған) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2006 жылғы 21 наурыздағы N 124  бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін: 
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бастапқы медициналық-санитарлық көмек көрсететін медициналық ұйымдардың  қызметі туралы ережеде:
      40-тармақтың оныншы абзацында "емхананың құрылымдық бөлімшелерінің бейіндік және өзге де мамандықтары бойынша" деген сөздер "БМСК ұйымдарының" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Емдеу-алдын алу ісі департаментінің директоры (Исмайылов Ж.Қ.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі ұйымдастыру-құқықтық жұмыс департаменті (Акрачкова Д.В.) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оны бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға жіберсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды өзіме қалдырамын.
      5. Осы бұйрық оның ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткеннен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министрдің міндетін атқарушы

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.