Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы"

      Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 2010.12.31 № 352 (ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      Әділет органдарының Қазақстан Республикасының азаматтарын құжаттандыру және тіркеу мәселелері жөніндегі қызметін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН: 

      1. "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3513 болып тіркеліп, 2005 жылдың шілде айының 22 жұлдызында "Заң газетінің" N 68(693) санында жарияланған, Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2005 жылғы 18 маусымдағы N 160 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3683 болып тіркеліп, 2005 жылдың шілде айының 27 жұлдызында "Заң газетінің" N 71 (695) санында жарияланған және Қазақстан Республикасы Әділет министрі міндетін атқарушының 2006 жылғы 24 шілдедегі N 199 "Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2005 жылғы 4 наурыздағы N 74 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" бұйрығымен Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4322 болып тіркеліп, 2006 жылдың қыркүйек айының 22 жұлдызында "Заң газетінің" N 170(976) санында жарияланған өзгерістер мен толықтырулар енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халқын құжаттандыру және тіркеу ережесін әділет органдарының қолдануы жөніндегі нұсқаулықта:
      14-тармақтың 1) тармақшасының үшінші абзацы алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 

       Қазақстан Республикасының
      Әділет министрі

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Бас прокуроры
      29 желтоқсан 2006 жыл             

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік
      комитетінің төрағасы
     29 желтоқсан 2006 жыл

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.