Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243 Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/48 бұйрығына өзгерту мен толықтыруды енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 25.12.2013 № 06-7/190 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Мемлекеттік қызметтің кадр резерві туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 4 желтоқсандағы N 1243  Жарлығын іске асырудың кейбір іс-шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі Төрағасының 2006 жылғы 24 наурыздағы N 02-01-02/48  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердің тізілімі мемлекеттік тізбесінде N 4152 болып тіркелген, 2006 жылдың 11 сәуіріндегі N 79 "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған) келесі өзгерту мен толықтыруды енгізу:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік саяси қызметтің кадр резервінде тұрған тұлғалар тағылымдамасының ережесінде:
      5-тармақтағы "бір айдан үш айға дейін" деген сөздерді "бір ай" деген сөздерімен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы "Президент Әкімшілігінің Басшысымен" деген сөздерден кейін "немесе оның тапсырмасы бойынша Президент Әкімшілігінің Басшысы орынбасарымен" деген сөздерімен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Төраға

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.