Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттама беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

       Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2009.03.02 N 94 Бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттама беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы бұйрығына (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің N 3337 тізілімінде тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және басқа мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жаршыланған 2005 ж., N 20, 184 б.) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 20 наурыздағы N 92 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 "Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттама беру ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің N 4185 тізілімінде тіркелген, 2006 жылғы 2 маусымда N 99-100 (1079-1080) Заң газетінде жаршыланған, "Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2004 жылғы 30 желтоқсандағы N 469 бұйрығына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттама беру ережелерін бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілер мемлекеттік тіркеудің N 4630 тізілімінде тіркелген, 2007 жылғы 8 мамырда N 68 Заң газетінде жаршыланған 2007 жылғы 18 сәуірде N 133 бұйрығына) мынадай өзгеріс енгізілсін:

      Көрсетілген бұйрықпен бекітілген, Мемлекеттік мекемелердің міндеттемелер қабылдауына рұқсаттама беру ережелерінде :

      3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жазылсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті (Д.М. Шаженова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өтуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күнінен бастап қолданысқа енеді.

      Министр       

                                       2007 жылғы 20 маусымдағы N 213
                                        Қазақстан Республикасы Қаржы
                                         Министрі бұйрығына қосымша

                                          Мемлекеттік мекемелерді
                                         міндеттемелер қабылдауын
                                        рұқсаттама беру ережелеріне
                                                 3-қосымша

                        200__ж. "___"________
                    N___рұқсаттама тізілімі

  ________________________________________________________________
   (Бюджетті атқару жөніндегі жергілікті өкілетті органның атауы)

N р/б

Мемлекеттік мекеменің коды

Рұқсаттама
N

Рұқсаттама мерзімі

Рұқсаттама сомасы

Ескертулер*

1

2

3

4

5

6

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті өкілетті
органның, басшысы            _________________   ________________
                               (Аты-жөні.)           (қолы)

Бюджетті атқару жөніндегі
жергілікті өкілетті органның
құрылымдық бөлімшесінің
бастығы                      _________________   ________________
                               (Аты-жөні.)           (қолы)

* осы жол қазынашылықтың өңірлік бөлімшесінің жауапты атқарушысымен толтырылады

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.