Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 714 "Жануарлардың санын реттеу ережесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің 2012.01.17 № 10-1/18 (қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      "Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 2004 жылғы 9 шілдедегі 46-бабына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. 2004 жылғы 1 желтоқсандағы N 714 "Жануарлардың санын реттеу ережесін бекіту туралы" (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізілімінде N 3316 тіркелген, 2005 жылғы 7 қазандағы N 121-122(746) "Заң газеті" газетінде жарияланған) бұйрығына мына өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2-тармақта "Е.А.Келемсеиітке" деген сөзді "Н.А. Хадыркеевке және Балық шаруашылығы комитетінің Төрағасы Қ.Б. Сүлейменовке" деген сөздерімен ауыстырылсын;
      аталған бұйрықпен бекітілген Жануарлардың санын реттеу ережесінде:
      2 тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "2. Жануарлардың санын реттеу туралы шешімді жануарлар мен құстардың жер беті түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті және балық пен басқа да су жануарларының түрлеріне қатысты Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті (бұдан әрі – тиісті Комитеттер) және (немесе) олардың аумақтық органдары (бұдан әрі – тиісті Инспекциялар) қабылдайды.
      Жануарлардың санын реттеу қажеттігі туралы мәселені қарау үшін тиісті Комитеттер немесе тиісті инспекциялар жануарлардың санын реттеу туралы мәселені шешу жөнінде комиссия (бұдан әрі - Комиссия) құрады.
      Комиссия құрамына тиісті Инспекциялардың, жергілікті атқарушы билік органдарының өкілдері, қоршаған ортаны қорғау, санитариялық-эпидемиологиялық және ветеринариялық қадағалау саласындағы уәкілетті мемлекеттік органдардың, ғылыми ұйымдардың өкілдері кіреді.";
      3-тармағының 3) тармақшасында "Комитеттің" деген сөзінен кейін "тиісті" деген сөзімен толықтырылсын;
      8-тармағының 2) тармақшасында:
      "аңшылық" деген сөзінен кейін "және балық аулау" деген сөзімен толықтырылсын.
      "тәсілдерін" деген сөзінен кейін ", орындарын" деген сөзімен толықтырылсын;
      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                     А. Күрішбаев

"Келісілді":                     "Келісілді":
Қазақстан Республикасының        Қазақстан Республикасының
Қоршаған ортаны қорғау министрі  Денсаулық сақтау министрі
_________________ Н. Исқақов     ______________ Ж. Досқалиев
2008 жылғы 23 желтоқсан          2008 жылғы 30 желтоқсан

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.