Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 2010.08.13 № 408 (мемлекеттік тіркелген сәтінен бастап қолданысқа енгізіледі және 2010 жылғы 1 шілдеден бастап әрекеттерге таралады) Бұйрығымен.
"Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексінің (Салық кодексі) 276-бабы 4-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында тіркелген
дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық
ведомосының (тізілімінің) нысаны бекітілсін.
2. "Қазақстан Республикасында тіркелген дипломатиялық және оларға теңестірілген өкілдіктердің жиынтық ведомосы (тізілімі)нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2004 жылғы 14 желтоқсандағы N 645 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3328 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
3. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Д.Е.Ерғожин) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін.
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және 2009 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр Б. Жәмішев
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрінің
2008 жылғы 26 желтоқсандағы
N 612 бұйрығымен бекітілген
Қағаз мәтініне қараңыз
Қағаз мәтініне қараңыз А-С парақтар
Қағаз мәтініне қараңыз А-С парақтар