Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына өзгерту енгізу туралы

      "Байланыс туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 35-бабының   1-1-тармағына сәйкес, Б Ұ ЙЫРАМЫН:
      1. "Тарификация бірліктерінің өлшемдерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі Төрағасының 2009 жылғы 2 ақпандағы № 43 бұйрығына (№ 5573 Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген болып енгізілді, Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, 2009 жыл, № 3, 338-бап) келесі өзгеріс енгізілсін:
       5-тармағында "2009 жылғы 1 маусымнан" сөздері "2010 жылғы 1 қаңтардан" сөздерімен ауыстырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің Байланыс саласындағы талдау және тарифтік реттеу департаменті (Т.К. Наметчаев) заңнама тәртібінде белгіленген:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізгеннен кейін оның бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін және Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің құрылымдық бөлімшелерінің назарына жеткізсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ақпараттандыру және байланыс агенттігі төрағасының орынбасары А.Ә. Әріпхановқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді.

      Төраға                                       Қ. Есекеев

      КЕЛІСІЛДІ:
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық Қауіпсіздік
      Комитетінің Төрағасы
      Шабдарбаев А.С.________
      12 мамыр 2009 жыл

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.