Ескерту. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 28.06.2013 № 147 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Екінші деңгейдегі банктердің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3750 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттік Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 27 қазандағы N 232 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4481 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 279 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5129 тіркелген), "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің баланстық және баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар жөніндегі есеп нысандарын бекіту туралы" 2005 жылғы 25 маусымдағы N 224 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 28 қарашадағы N 204 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5444 тіркелген) қаулыларымен енгізілген толықтырулармен және өзгерістермен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
қосымшада:
"1. Активтердің, міндеттемелердің және меншікті капиталдың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
1200-шоттар тобының және 1201-шоттың атаулары мынадай редакцияда жазылсын :
"
1200
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар
1201
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар
";
1205, 1206, 1207, 1208, 1209-шоттардың атаулары мынадай редакцияда жазылсын:
"
1205
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконт
1206
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйлықақы
1207
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылармен есептелген сыйақы
1208
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың әділ құнын оң түзету шоты
1209
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздардың әділ құнын теріс түзету шоты
";
1425-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1426, 1427-шоттармен толықтырылсын:
"
1426
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша клиентке қойылатын талаптар
1427
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек
";
1472-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1473-шотпен толықтырылсын:
"
1473
Өндірістік және сауда қызметіне ислам банкінің инвестициялары
";
1744-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
1744
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша есептелген кірістер
";
1756-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 1771, 1772-шоттармен толықтырылсын:
"
1771
Жалдау шарттарында инвестициялық қызмет бойынша ислам банкінің есептелген кірістері
1772
Жалдау шарттарында инвестициялық қызмет бойынша мерзімі өткен берешек
";
2240-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2245-шотпен толықтырылсын:
"
2245
Инвестициялық депозиттер
";
2870-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 2871-шотпен толықтырылсын:
"
2871
Қайырымдылық төлемдерінің шоты
";
"2. Пайда мен шығындардың баланстық шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
5305-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5305
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақыны амортизациялау бойынша шығыстар
";
5709-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5709
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған шығыс
";
5733-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
5733
Сатуға арналған, қолда бар және пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылған шығыстар
";
4201, 4202-шоттардың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4201
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
4202
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін, сатып алынған бағалы қағаздар бойынша дисконтты амортизациялау жөніндегі кірістер
";
4424-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4426, 4427-шоттармен толықтырылсын:
"
4426
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
4427
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша мерзімі өткен берешек бойынша сыйақы алумен байланысты кірістер
";
4476-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4477-шотпен толықтырылсын:
"
4477
Жалдау талаптарындағы инвестициялық қызмет бойынша сыйақы алумен байланысты ислам банкінің кірістері
";
4617-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4618-шотпен толықтырылсын:
"
4618
Инвестициялық депозиттермен операциялар бойынша қызмет көрсетулерге кірістер
";
4709-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4709
Пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылмаған кіріс
";
4733-шоттың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
"
4733
Сатуға арналған, қолда бар және пайда немесе шығын арқылы әділ құны бойынша ескерілетін бағалы қағаздар құнының өзгеруінен іске асырылған кірістер
";
4872-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 4880-шотпен толықтырылсын:
"
4880
Өндірістік және сауда қызметін қаржыландырудан түскен ислам банкінің кірістері
";
"4. Меморандумның баланстан тыс шоттарындағы қалдықтар туралы есеп" деген кестеде:
7713-шоттан кейін мынадай мазмұндағы 7800, 7801, 7802, 7803, 7804, 7805, 7806, 7807, 7808, 7809, 7810, 7811, 7820, 7830, 7831, 7832, 7833, 7850, 7851, 7860, 7861, 7862, 7863, 7864, 7865, 7866, 7867, 7868, 7869, 7870, 7871, 7880, 7881, 7882, 7883, 7884, 7885, 7886, 7887, 7888, 7889, 7890 шот топтарымен және шоттармен толықтырылсын:
"
7800
Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша активтер
7801
Ақша
7802
Тазартылған қымбат металдар
7803
Басқа банктердегі салымдар
7804
Ислам бағалы қағаздары
7805
Акциялар (қатысу үлестері)
7806
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша талаптар
7807
Сыйақы
7808
Қорлар
7809
Үйлер, машиналар, жабдық, көлік және басқа құралдар
7810
Салынып жатқан (орнатылатын) негізгі құралдар
7811
Лизингке (жалға) берілген негізгі құралдар
7820
Басқа талаптар
7830
Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша міндеттемелер
7831
Төлеуге арналған шоттар
7832
Болашақ кезеңдердің кірістері
7833
Басқа міндеттемелер
7850
Капитал
7851
Капитал
7860
Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша кірістер
7861
Клиенттен ақша түсімдері
7862
Сыйақы түріндегі кірістер
7863
Активтерді сатып алу-сатудан түскен кірістер
7864
Дивиденттер
7865
Айырбас бағамы бойынша іске асырылған кірістер
7866
Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан түскен іске асырылған кірістер
7867
Айырбас бағамы бойынша іске асырылмаған кірістер
7868
Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан түскен іске асырылмаған кірістер
7869
Лизингтік (жалдау) төлемдері түріндегі кірістер
7870
Сауда қызметін қаржыландыру операциялары бойынша кірістер
7871
Басқа кірістер
7880
Инвестициялық депозит туралы шарт бойынша шығыстар
7881
Клиенттің ақшасын алу
7882
Комиссиялық сыйақыны төлеу бойынша шығыстар
7883
Активтерді сатып алудан-сатудан пайда болған шығыстар
7884
Айырбас бағамы бойынша іске асырылған шығыстар
7885
Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар
7886
Айырбас бағамы бойынша іске асырылмаған шығыстар
7887
Әділ құны бойынша активтерді қайта бағалаудан іске асырылмаған шығыстар
7888
Негізгі қаражат бойынша амортизациялық аударымдар
7889
Активтердің құнсыздануынан болған шығындар
7890
Басқа шығыстар
".
2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
3. Стратегия және талдау департаментi (Н.А. Әбдірахманов):
1) Заң департаментiмен (Н.В. Сарсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркеу шараларын қолға алсын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелген күннен бастан он күндiк мерзiмде оны Агенттiктiң мүдделi бөлiмшелерiне, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіне, "Қазақстан қаржыгерлерiнiң қауымдастығы" заңды тұлғалар бiрлестiгiне жiберсiн.
4. Ақпараттық технологиялар департаменті (Қ.А. Түсіпов) 2009 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде "Екінші деңгейдегі банктерден алынған есептік-статистикалық ақпаратты жинау және өңдеу" автоматтандырылған ақпараттық шағын жүйені әзірлеуді қамтамасыз етсін.
5. Агенттік Төрайымының Қызметі (А.Ә. Кенже) Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында осы қаулыны жариялау шараларын қолға алсын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрайымының орынбасары Қ.Б. Қожахметовке жүктелсін.
Төрайым Е. Бахмутова