Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына толықтырулар мен өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010.08.13 № 359 (алғаш рет ресми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.

      Жолаушыларды, багажды және жүкті тасымалдауды жүзеге асыру үшін тұрақты емес ұшуларды орындауға рұқсат беру тәртібін және рұқсат беруден бас тарту негіздерін жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру ережесін және беруден бас тарту негіздерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті төрағасының 2003 жылғы 30 қазандағы № 502 бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2558-нөмірмен тіркелген және Қазақстан Республикасының 2003 жылғы Нормативтік-құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған, № 43-48, 895-бет) мынадай толықтырулар мен өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тұрақты емес ұшуларды орындауға арналған рұқсаттарды беру және беруден бас тарту ережесінде:
      14-тармақта:
      4) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерден орындалады;»;
      «тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;»;
      5) тармақша мынадай мазмұндағы абзацтармен толықтырылсын:
      «тұрақты емес ұшу Еуропалық одақтың құрамына кіретін елдерге орындалады;»;
      «тұрақты емес ұшу жеке мақсаттағы чартерлік рейс болып табылады;»;
      6) тармақша мынадай мазмұндағы сөздермен толықтырылсын:
      «, чертерлік рейсті жеке мақсатта орындау немесе қызметтік сапарда немесе көмек көрсету үшін тасымалдауларды ескермеген жағдайларда ғана;»;
      11-тармақта:
      он үшінші абзац алынып тасталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Р.Ө. Әдимолда) белгіленген тәртіппен осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі Е.С. Дүйсенбаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Ә. Құсайынов

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.