Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Қаржы министрінің 27.01.2016 № 30 бұйрығымен.

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмiлелерге қатысты тiркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiн бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрiнiң 2008 жылғы 19 желтоқсандағы № 588 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттiк тіркеу тiзiлiмiнде 2008 жылғы 26 желтоқсандағы № 5419 болып тіркелген) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Шығыстардың, оның iшiнде жасасқан азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысты тіркеу мiндеттi болып табылатын шығыс түрлерiнiң экономикалық сыныптамасы ерекшелiктерiнiң тiзбесiнде:
      2 «Күрделі шығындар» санатында:
      4 «Негізгі капиталды сатып алу» сыныбында:
      430 «Күрделі жөндеу» кіші сыныбында:
      433 «Мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу» ерекшелігі бойынша:
      «Ескерту» деген 7-баған мынадай мазмұндағы келесі сөйлеммен толықтырылсын:
      «Мемлекеттік мекеме мемлекеттік кәсіпорындардың үй-жайларын, ғимараттарын, құрылыстарын күрделі жөндеу үшін республикалық немесе коммуналдық меншіктегі мемлекеттік кәсіпорындарды қаржыландыруды жүзеге асыратын жағдайлардан басқа».
      2. Бюджеттiк процесс әдiснамасы департаментi (Қалиева А.Н.) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн.
      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде оны мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрінің
      міндетін атқарушы                          Б. Жәмішев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.