Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы

      Күші жойылды - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2011.09.29 № 346-ө (5-тармақты қараңыз) Бұйрығымен.

      Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 8 сәуірдегі № 537 қаулысымен бекітілген Кедейлік шегін анықтау ережесінің 4-тармағын орындау үшін БҰЙЫРАМЫН:
      1. Қазақстан Республикасы бойынша 2011 жылдың 3 тоқсанына арналған кедейлік шегі Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі өткен тоқсанға есептеген ең төменгі күнкөріс деңгейінің 40 проценті мөлшерінде анықталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің «2011 жылдың 2 тоқсанына арналған кедейлік шегін анықтау туралы» 2011 жылғы 29 наурыздағы № 109-ө бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеудің мемлекеттік тізілімінде № 6849 тіркелген және «Егемен Қазақстан» 2011 жылғы 6 сәуірдегі № 130-133, «Казахстанская правда» 07.04.2011 ж., № 117 газеттерінде жарияланған) күші жойылған деп танылсын.
      3. Әлеуметтік көмек департаменті (К.А. Манабаева) осы бұйрықты:
      1) заңнамада белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуді және ресми жариялауды;
      2) облыстық, Астана және Алматы қалаларының жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасына жеткізуді қамтамасыз етсін.
      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі С.А. Ахметовке жүктелсін.
      5. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күшiне енедi және 2011 жылдың 1 шілдеден бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

      Министр                                Г. Әбдіқалықова

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.