Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Инвестициялар және даму министрінің м.а. 28.01.2016 № 118 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.

      «Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 6-бабының 26) тармақшасына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрінің 2010 жылғы 7 қыркүйектегі № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2010 жылғы 7 қыркүйекте № 6523 болып тіркелген, «Егемен Қазақстан» газетінде 2010 жылғы 9 қарашада № 461-468 (26311) жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «6. Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасының 4-тармақ, 8-тармақтың 6) тармақшасының және 9-тармақтың 3) тармақшасының іс-қимылдары осы бұйрық қолданысқа енгізілгенге дейін тіркелген домендік атауларға таралмайды. Жаңа домендік атауларды тіркеу қосымша беріліп отырған Интернет желісінің қазақстандық сегментінің домендік кеңістігін тіркеу, пайдалану және тарату қағидасына сәйкес жүргізіледі.».
      2. Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің Ақпараттық технологиялар саласындағы мемлекеттік саясат департаменті (Қ.Б. Елеусізова) заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуінен кейін, оның ресми жариялануын және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат министрлігінің интернет-ресурсында орналасуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат вице-министрі С.С.Сарсеновке жүктелсін.
      4. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    А. Жұмағалиев

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.