Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына толықтыру енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Сыртқы істер министрінің м.а. 05.03.2013 № 08-1-1-1/71 және ҚР Ішкі істер министрінің 07.03.2013 № 175 Бірлескен бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күннен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібін одан әрі жетілдіру мақсатында БҰЙЫРАМЫЗ:
      1. «Қазақстан Республикасының визаларын беру ережелерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің міндетін атқарушының 2009 жылғы 14 желтоқсандағы № 08-1-1-1/457 және Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2009 жылғы 22 желтоқсандағы № 488 бірлескен бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6011 болып тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағының 2010 жылғы 7 шілдедегі № 10-құжатында жарияланған), мынадай толықтыру енгізілсін:
      аталған бірлескен бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының визаларын беру тәртібі туралы нұсқаулықтағы:
      2-қосымша мынадай мазмұндағы 48-тармақпен толықтырылсын:
      «48. Иордан Хашимит Корольдігі».
      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күннен кейiн қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының             Қазақстан Республикасының
      Сыртқы істер министрі                 Ішкі істер министрі
      _____________ Е. Қазыханов            _____________ Қ. Қасымов

      2012 жылғы 30 қаңтар                  2012 жылғы 25 қаңтар

      «Келісілді»
      Қазақстан Республикасы
      Ұлттық қауіпсіздік комитетінің
      төрағасы
      ___________________ Н. Әбіқаев
      2012 жылғы 30 қаңтар

  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.