Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Әділет министрінің 27.02.2014 № 85 бұйрығымен (алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі).

      «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне рұқсат беру құжаттарын қысқарту және мемлекеттік органдардың бақылау мен қадағалау функцияларын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 10 шілдедегі Заңына сәйкес келтіру мақсатында, БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Зияткерлік меншік саласындағы мемлекеттік қызмет Регламенттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2011 жылғы 27 маусымдағы № 239 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2011 жылғы 15 тамызда № 7133 болып тіркелген, 2012 жылғы 9 мамырдағы № 66 (2074), 2012 жылғы 11 мамырдағы № 67 (2075), 2012 жылғы 15 мамырдағы № 68 (2076) «Заң газеті», 2012 жылғы 15 мамырдағы № 236-241 (27315) «Егемен Қазақстан» газеттерінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың төртінші абзацы алынып тасталсын.
      2.  Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті:
      1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы бұйрық тіркелгеннен кейін оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Интернет-ресурсында жариялануын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрағасы А.К. Естаевқа жүктелсін.
      4. Осы бұйрық aлғаш pecми жарияланған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                    Б. Имашев


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.