Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Әділет департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 304 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

      Ескерту. Күші жойылды – ҚР Әділет министрінің 11.05.2017 № 530 бұйрығымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      "Әкімшілік рәсімдер туралы" Қазақстан Республикасы 2000 жылғы 27 қарашадағы Заңының 9-1-бабының 4-1 тармағын басшылыққа ала отырып, БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің облыстардағы, Астана және Алматы қалаларындағы Әділет департаменттері туралы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет Министрінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 304 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 9847 болып тіркелген, 2014 жылғы 26 қарашада "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілген:

      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Маңғыстау облысы Әділет департаменті туралы Ережесіне:

      8-тармақ келесі редакцияда жазылсын:

      "8. Департаменттің заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, 130000, Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, 3б шағын аудан, № 16 ғимарат".

      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Стратегиялық жоспарлау және ұйымдастыру-талдау жұмысы департаменті осы бұйрықты заңнамада белігіленген тәртіппен мемлекеттік тіркеуді және ресми жариялауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Әділет Министрінің орынбасарына жүктелсін.

      4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Министр

Б.Имашев


  • Қоғамдық оферта
  • Құпиялылық саясаты
  • Құқықтық база
  • Жаңалықтар
  • Чат

Бізбен байланысыңыз

+7 701 948 15 57

Сату бөлімі

info@nuba.kz

Электронды пошта

BIZUP © 2026 “NUBA SOLUTIONS” Қолданба және оның барлық элементтері, соның ішінде бағдарламалық код, дизайн және мазмұн, Қазақстан Республикасының авторлық құқық туралы заңнамасымен қорғалған. Заңсыз көшіру, тарату немесе пайдалану тыйым салынған.