Ескерту. Күші жойылды - ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің м.а. 11.08.2021 № 431 (лғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) бұйрығымен.
"Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметінің регламенті бекітілсін.
2. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспасөз басылымдарында және "Әділет" ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Ұлттық экономика министрі | Е. Досаев |
| Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 9 желтоқсандағы № 759 бұйрығына қосымша |
1. "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік көрсетілетін қызметті (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы № 700 бұйрығымен бекітілген (Нормативтiк құқықтық актiлердiң мемлекеттiк тізілімінде № 12322 болып тіркелген) "Объектілер құрылысының жобаларына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізуге үміткер заңды тұлғаларды аккредиттеу" (бұдан әрі – стандарт) мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді.
Құжаттарды қабылдау және мемлекеттік көрсетілген қызметтің нәтижелерін беру көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі арқылы жүзеге асырылады.
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет нысаны: қағаз түрінде.
3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – стандарттың 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік (бұдан әрі – куәлік) беру, растау, қайта ресімдеу не стандарттың 10-тармағында көзделген жағдайлар және негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап беру.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесін ұсыну нысаны: қағаз түрінде.
4. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетушіге стандарттың 9-тармағына сәйкес өтінішпен қоса берілген құжаттарды беруі мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету рәсімінің (әрекетінің) басталуына негіздеме болып табылады.
5. Мемлекеттік қызметті көрсету процесінің құрамына кіретін әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) мазмұны, орындалу ұзақтығы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкерінің мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға арналған өтінішті қағаздағы жеткізгіште ұсынылған материалдардың сканерленген көшірмелерімен қоса түскен күні тіркеу;
2) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметтің берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігі не сәйкес еместігі тұрғысынан құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, 13 (он үш) күнтізбелік күннің ішінде аккредиттеу комиссиясына құжаттарды дайындайды;
4) аккредиттеу комиссиясы құжаттарды қарайды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына хаттаманы береді – 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не жазбаша түрде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) күнтізбелік күннен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз жеткізгіштегі куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – түскен күні.
6. Мынадай рәсімді (іс-қимылды) орындауды бастау үшін негіз болатын мемлекеттік қызметті көрсету жөніндегі рәсімнің (іс-қимылдың) нәтижесі:
өтінішті тіркеу және көрсетілетін қызметті берушінің басшысына танысу үшін жіберу;
көрсетілетін қызметті берушінің басшысының жауапты орындаушыны айқындау;
құжаттарды тексеруді жүзеге асыру;
құжаттарды аккредиттеу комиссиясының қарауы;
куәлік не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындау;
көрсетілетін қызметті беруші басшысының куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қоюы.
8. Мемлекеттік қызметті көрсету процесіне қатысатын көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) тізбесі:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері:
2) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы;
3) көрсетілетін қызметті берушінің аккредиттеу комиссиясы;
4) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы.
9. Әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтықтығын көрсете отырып, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігінің сипаттамасы:
1) көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері құжаттарды түскен күні қабылдауды, оларды тіркеуді жүзеге асырады;
2) 1 (бір) күнтізбелік күннің ішінде көрсетілетін қызметті берушінің басшысы құжаттармен танысады, жауапты орындаушыны айқындайды;
3) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы көрсетілетін қызметті алушының біліктілік талаптарына сәйкестігін не сәйкес еместігін анықтау үшін құжаттарды тексеруді жүзеге асырады, құжаттарды аккредиттеу комиссиясына дайындайды – 13 (он үш) күнтізбелік күннен аспайды;
4) аккредиттеу комиссиясы құжаттарды қарайды және хаттаманы көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына береді – 15 (он бес) күнтізбелік күннен аспайды;
5) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысы куәлік не жазбаша түрде мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап дайындайды және басшының қол қоюына жібереді – 1 (бір) күнтізбелік күннен аспайды;
6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз жеткізгіштегі куәлікке не мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауапқа қол қояды – түскен күні.
Мемлекеттік қызметті көрсету процесіндегі көрсетілетін қызметті берушінің, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (жұмыскерлерінің) арасындағы рәсімдердің (іс-қимылдардың) бірізділігін сипаттау осы регламентке қосымшаға сәйкес мемлекеттік қызмет көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығында келтірілген.
"Объектілер құрылысының
жобаларына кешенді ведомстводан тыс
сараптама жүргізуге үміткер заңды
тұлғаларды аккредиттеу" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентіне
қосымша"

