Бұйрық
Негізгі ақпарат
Карточка
Құрылым
Тарих

"Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

      БҰЙЫРАМЫН:
      1. «Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы баланстарын әзiрлеу мен бекiту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 19-1/277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11524 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Су ресурстарын кешендi пайдалану мен қорғаудың бас және бассейндiк схемаларын және су шаруашылығы теңгерiмдерiн әзiрлеу және бекіту қағидаларында:
      10-тармақ жаңа редацияда жазылсын:
      «10. Бас СРКПҚС жобасын уәкiлеттi орган мемлекеттік жоспарлау, индустриялық-инновациялық қызмет, көлiк және коммуникациялар, мемлекеттік геологиялық зерделеу, жер қойнауын ұтымды және кешенді пайдалану, халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы, өңірлік даму, жер ресурстарын басқару және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органдармен келiсім бойынша әзiрлейдi және Қазақстан Республикасының Үкiметi бекiтедi.»;
      14-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      18-тармақтың орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгермейді;
      2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға жіберілуін;
      3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң, бірақ 2016 жылғы 1 қаңтардан кейін қолданысқа енгізіледі.     

      Қазақстан Республикасының
      Ауыл шаруашылығы министрі                        А.Мамытбеков
 

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Инвестициялар және даму министрі
___________________ Ә. Исекешев
2015 жылғы 22 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________ Е. Досаев
2015 жылғы 11 желтоқсан

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
______________ В. Школьник
2015 жылғы 23 желтоқсан